"Қазгидромет" мамандары Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2025 09:52 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары Алматы тұрғындары мен қонақтарына бүгін күтілетін қолайсыз метеорологиялық ахуалды ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы мәлімет гидрометорталықтың сайтында жарияланды.

"2025 жылғы 26 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында күтіледі", делінген хабарламада.

"Қазгидрометтің" бұған дейінгі болжамдарына сәйкес 12 шілдеден бері Алматы қаласының ауа сапасы нашарлаған қалалар тізімінен түспей тұрғаны белгілі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер 26 шілдеде Астана мен Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: