Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, загазованность, выхлопные газы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 11:33 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін "Қазгидромет" РМК сайтынан белгілі болды.

"2025 жылдың 20 мамырында Шымкентте, Алматыда, түнде Астанада ауаның ластануы үшін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", – делінген "Қазгидромет" РМК ескертуінде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайында қала тұрғындарына көшеде, әсіресе магистральдардың немесе басқа ластаушы көздердің жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратындар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Синоптиктер 2025 жылдың 20 мамырына Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында дауылды ескерту жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: