Маңғыстауда өз балаларына миллиондаған теңге қарызы бар әке сотталды

Деньги, тенге, судебные выплаты, алименты, пособие на ребенка, пособие на детей, содержание, семейные выплаты, деньги на ребенка, ребенок, дети, семья , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 19:40 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Маңғыстау облысында жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 133 борышкер жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның араласуымен 95 миллион теңгеден астам алимент қарызы өндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалау органының мәліметінше, олардың 27-сі қылмыстық, ал 106-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Көп борышкер бірнеше жыл бойы алимент төлеуден жалтарып, табысын жасырған және өз міндеттемелерін орындамау үшін ресми түрде жұмысқа орналаспай жүрген.

Прокуратураның мәліметінше, борышкерлердің бірі кәмелетке толмаған екі баласына 3 миллион теңгеден астам алимент қарыз болған.

Тексеру нәтижесінде оған қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот ер адамды кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол алимент бойынша берешегін толық өтеген.

Жалпы, биылғы алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша прокуратураның ықпалымен 95 миллион теңгеден астам алимент қарызы өндіріліп, 395 кәмелетке толмаған баланың құқығы қорғалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: