Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды

Ақмола облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 22:58 Сурет: freepik
Ақмола облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды. Ол бір жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған үш баланың пайдасына 1,7 млн теңгеден астам алимент төлеуден жалтарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта мемлекеттік айыптаушы борышкердің кінәсін толық дәлелдеді.      

5 қарашада сот оны борышкерге пробациялық бақылау белгілей отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағай ындау туралы үкім шығарды.  

Сондай-ақ, прокуратураның бастамасымен 4,2 млн теңге қарызы бар басқа борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар Ерейментау ауданы прокуратурасының шараларымен кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 1,5 млн теңгеден астам сомаға алимент өндірілді.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: