Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл тұрып, облыстың шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 26 шілдеде түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 26 шілдеде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 26 шілдеде түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы аймақтарда күндіз нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 26 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта түнде және таңертең аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз 35 градус ыстық болатыны болжанады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 26 шілдеде күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Атырауда 26 шілдеде соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 26 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады деп күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтеріліп, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда 26 шілдеде соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда ауа температурасы 40 градусқа дейін қызатыны болжанады.
Ақтауда 26 шілдеде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Күндіз өңірде 38-39 градус ыстық болады деп күтіледі.
Ұлытау облысының батысында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 26 шілдеде күндіз 35 градус ыстық болатыны болжанады.
26 шілдеде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 26 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, бұршақ түседі, найзағай ойнайды деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріліп, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 26 шілдеде күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның үш қаласында бүгін, 2026 жылғы 25 шілдеде ауаның ластану деңгейі жоғары болатынын ескерткен болатын.