Павлодар арқылы Ресейден Өзбекстанға әуе рейстері қашан іске қосылатындығы белгілі болды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылдың қыркүйегінде Павлодар арқылы Ресейден Өзбекстанға әуе рейстерін іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 27 шілдеде Павлодар облысы әкімдігі мәлімдеді.

"Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Омбы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі... Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары аяқталғаннан кейін, биылғы қыркүйекте Омбы-Павлодар-Ташкент және Новосібір-Павлодар-Ташкент бағыттары бойынша халықаралық транзиттік әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр",- делінген таратылған ақпаратта.

Сурет: akorda.kz

Өңір басшысы халықаралық "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударды. Өзен логистикасының тиімділігін арттыру мақсатында Павлодар өзен портында қосымша айлақтың құрылысы аяқталды. Ертіс өзенінде көлемі 1,2 млн текше метрден асатын түбін тереңдету жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар "Атамекен-Ертіс-Русская Поляна" автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы күзде республикалық маңызы бар "Қызылорда-Павлодар-Успенка-Ресей Федерациясының шекарасы" автокөлік жолындағы Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірді ашу жоспарлануда. Бұл жоба жүк көліктерінің жүру бағытын 60 шақырымға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар "Қосақ", "Шарбақты" және "Үрлітүп" халықаралық автокөлік өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып, бірқатар өзекті мәселені қозғағанын жазғанбыз.

Ресей
Қазақстан
Өзбекстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды