"Күн 47 градусқа дейін қызады". Еліміздің кей өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 2026 жылғы 28 шілде, сейсенбіге арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады. Оған сәйкес, кей өңірге 47 градус аптап ыстық қайта оралады, ал кейбір облыста күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, күндіз республикамыздың бірден 10 облысында аптап ыстық болады деп күтіледі:

Қатты ыстық:

Өте қатты ыстық:

"Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады, ал еліміздің шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Жоғары қысым өрісінің ықпалынан оңтүстік-батыста, оңтүстікте және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, ал түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсуі мүмкін екені болжанады", деп толықтырады "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.

Бұған дейін синоптиктер дүйсенбіде бірқатар өңірлерде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған