Алматылықтарға маңызды салықты төлеу мерзімі ескертілді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мемлекеттік кірістер департаменті Алматы тұрғындарына 2025 жыл үшін 4,8 млрд теңге мүлік салығын есептеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындарына есептелген салық сомасы енгізілген коммуналдық қызметтерді төлеу түбіртектері (АЛСЕКО) жіберілді.

Сонымен қатар тиісті хабарламалар мен төлем шоттары банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді. Салық "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ұсынған мәліметтер негізінде жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша есептеледі.

Бірқатар санаттағы азаматтарға 1000 немесе 1500 АЕК мөлшері шегінде салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

Олар:

Мүлік салығын төлеу мерзімі – биылғы 1 қазаннан кешіктірмей.

Берешек пен өсімпұлдың жиналуына жол бермеу үшін салықты алдын ала төлеу ұсынылады.

Сұрақтар туындаған жағдайда жылжымайтын мүлік орналасқан жердегі Алматы қаласының аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларынан немесе 1414 бірыңғай нөмірі арқылы кеңес алуға болады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы