Интернет-дүкендегі жеңілдіктерге сенген мыңдаған қазақстандық алаяқтардың арбауына түсті

Фото: freepik
Интернет-дүкен арқылы тауар сатып алған үш мыңға жуық қазақстандық алаяқтардың құрбанына айналды. Олар тұрмыстық техника, ұялы телефон, зергерлік бұйымдарға тапсырыс бергенімен, ақшасын төлегеннен кейін тауарларын ала алмаған. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын көлемі 6 млрд теңге.

Зардап шеккендердің айтуынша, интернет-дүкен сатып алушыларды ең алдымен өте төмен бағамен қызықтырған. Ондағы тауарлардың құны басқа сатушылармен салыстырғанда шамамен 40 пайызға арзан болған. Бұған қоса, тапсырыстың қысқа мерзімде жеткізілетіні туралы уәде де халықтың сеніміне ие болған.

Жәбірленушілердің бірі Балқия Маратқызының айтуынша, ол интернет-дүкеннен 17 млн теңгеге тапсырыс берген.

"Мен 17 миллион теңгеге тауарға тапсырыс бердім. Алғашында екі телефон келді, кейін тағы төртеуі жеткізілді. Бірақ қалған тауарларды үнемі: "Қазір келеді", "Жақында жеткіземіз" деп уәде берумен болды. Соңында ештеңе алған жоқпын. Біз өзіміз ғана емес, туыстарымыз бен таныстарымызға да осы дүкеннен техника сатып алуға кеңес берген едік. Қазір сол сатып алған тауарлар үшін рәсімделген несиелерді өзіміз төлеп отырмыз", – дейді ол.

Сатып алушылардың айтуынша, қиындықтар шамамен төрт ай бұрын басталған. Дәл сол кезеңде көптеген адам ірі көлемде тапсырыс бере бастаған. Осыдан кейін сатушылар хабарламаларға жауап беруді тоқтатып, ақшасы толық төленген тауарларды жеткізбеген.

Алданған азаматтар құқық қорғау органдарына жүгінген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тергеу Астана қаласында жүргізіліп жатыр. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, оларға жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

"Қазіргі уақытта шамамен 100 адам полицияға арызданды. Істердің барлығы аумақтық құзыретіне сәйкес Астана қаласы Байқоңыр аудандық полиция басқармасына жолданды. Негізгі қылмыстық іс сол жерде тергеліп жатыр. Бізге белгілі мәлімет бойынша, осы алаяқтық схемаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, оларды ұстау жұмыстары жүргізілуде". Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Бұған дейін экс-әкім сот үкімін 8 миллион теңгеге "сатып алмақ" болғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге электрондық рұқсат беріледі

Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды