Тоқаев Пашинянның қызметіне табыс тіледі

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, армян халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Никол Пашинян жылы лебізге ризашылығын білдіріп, Қазақстан Президенті мен халқына Құрылтай сайлауын сәтті өткізуге тілектестігін жеткізді.

Президент пен Премьер-министр қазақ-армян қарым-қатынасы қарқынды түрде дамып келе жатқанына көңіл толатынын атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін растады.

Сонымен қатар бұған дейін, соның ішінде былтыр қараша айында Армения Үкіметі басшысының Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса назар аударылды.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды