Өндірісте аяғынан айырылған қазақстандық өзіне тағылған кінәмен келіспеді

Фото: pixabay
Қостанай облысында сот кірпіш зауытындағы жазатайым оқиғаға қатысты арнайы тергеу қорытындысын жарамсыз деп тапты. Оқиға салдарынан кәсіпорын жұмысшысы аяғынан айырылған. Комиссияның қорытындысы заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 3 наурызда "Рудный кірпіш зауыты" ЖШС-де болған. Конвейер таспасын ауыстыру кезінде ұсақтағыш құрылғы кенеттен іске қосылып, жөндеуші-слесарьдің аяғы айналып тұрған шнекке түсіп кеткен. Ер адам алған ауыр жарақат салдарынан сол аяғының балтыр бөлігінен айырылған.

Оқиғадан кейін арнайы комиссия болған жағдайға жұмыс берушіні 80 пайыз, ал зардап шеккен жұмысшының өзін 20 пайыз кінәлі деп таныған.

Өзінің оқиғаға ішінара кінәлі деп танылуымен келіспеген ер адам Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгініп, тексеру нәтижесіне даулаған.

"Сот тергеудің толық жүргізілмегенін анықтады. Кәсіпорын қауіпті өндірістік нысандарға жататынына қарамастан, тексеруге өнеркәсіптік қауіпсіздік маманы тартылмаған. Сонымен қатар жұмысшының өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша міндетті оқудан өтпегені анықталды", – делінген соттың баспасөз қызметі хабарламасында.

Сот арнайы тергеу актісін заңсыз деп танып, оның күшін жойды. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай