Қазақстандықтар мысықтарға арналған "ХҚКО" ашты: үй жануарына ресми төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады

Сурет: Threads/alishka_str
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде мысықтарына әзіл ретінде "жеке куәлік" жасап, жаңа тренд бастады. Осы орайды пайдаланып Электрондық үкімет өкілдері үй жануарларына шын мәнінде ресми төлқұжат рәсімдеуге болатынын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған суреттерде ҚР жеке куәлігіне ұқсас құжаттар бейнеленген. Онда аты-жөні, берілген күні және басқа да деректер көрсетілген. Бірақ құжаттағы адамның орнына мысықтардың суреттері қойылған. Пікір жазғандар бұл идеяны қолдап, тіпті үй жануарларына арналған құжаттарды адамның жеке куәлігі үлгісінде жасауды ұсынған.

Сурет: Threads/momento.morty

Бұл ретте, eGov.kz Электрондық үкіметі қазақстандықтарға үй жануарларына ресми цифрлық төлқұжат рәсімдеуге болатынын еске салды.

"eGov Mobile қосымшасы арқылы үй жануарыңыздың цифрлық төлқұжатын бірнеше секундта қарап, қажет болған жағдайда көрсете аласыз.Құжатта үй жануары туралы негізгі мәліметтер, вакцинациясы және басқа да маңызды ақпарат көрсетіледі", – деп мәлімдеді ведомство 2026 жылғы 5 тамызда.

Үй жануарына мұндай төлқұжат алу үшін оны алдымен TABAN үй жануарларын есепке алудың бірыңғай деректер базасында тіркеу қажет. Осыдан кейін цифрлық төлқұжат автоматты түрде eGov Mobile қосымшасында пайда болады.

Цифрлық төлқұжатты ашу үшін:

Цифрлық төлқұжат иелеріне ветеринарлық емханаға барған кезде, саяхатқа шығу барысында, көрмелерге қатысқанда немесе үй жануары жоғалған жағдайда ол туралы ақпаратты жылдам ұсынуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұл жүйе үй жануарларын есепке алуды реттеуге, қараусыз қалған жануарлардың санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. TABAN сайтындағы мәліметке сәйкес, бүгінде Қазақстанда 397 642 үй жануарына цифрлық төлқұжат рәсімделген. Оның ішінде 290 868 ит, 106 760 мысық бар.

Бұдан бөлек, 4 күзен, 5 қоян, сондай-ақ бір-бірден сәндік егеуқұйрық, тасбақа, капибара, хомяк және ергежейлі шошқа да тіркелген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы