Шығыс Қазақстанда қатты дауылдан ондаған көлік бүлінді

Сурет: ШҚО әкімдігі
Өскеменде дауыл мен бұршақ салдарынан кемінде 17 автокөлік зақымданды. Бұл туралы 6 тамызда Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz мәліметінше, кеше облыс орталығында қатты дауыл соққан. Әкімдіктің есептеуінше, жел салдарынан қаланың орталық көшелерінің өзінде 15 ағаш құлаған.

Олардың кейбірі маңайда тұрған көліктердің үстіне құлаған.

"Барлығы көлік иелерінен полицияға 17 өтініш түсті", – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өскеменде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен. Халқы шамамен 374 мың адам болатын қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды. Сонымен қатар ағаштар құлап, жолдарды су басқан.

Ахмирово кентінде, 19-шағынауданда, әуежай ауданында, Шмелев Лог ауданында, "Болашақ" шағынауданында және басқа да аумақтарда электр энергиясы уақытша өшірілген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді