Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз аздаған жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с болады. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, кешке таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Қонаев қаласында күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Іле Алатауының Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр, найзағай, кешке қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыста солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 36-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодар қаласында күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысында күндіз 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.