Циклон ауа райын өзгертеді: 11 тамызда Қазақстанда күн қандай болады

Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, 2026 жылғы 11 тамыз, сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл күні еліміздің кей өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"Солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте және оңтүстікте екпінді жел соғады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді. Батыс пен оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Соған қарамастан, бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысы мен Абай облысының оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +40-41°C-қа дейін көтеріледі.

Алматы облысы, Жетісу облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы +35-39°C болады.

Жамбыл және Маңғыстау облыстарында ауа +38-42°C-қа дейін қызады. Ал Түркістан және Қызылорда облыстарында аптап ыстық +40-44°C-қа дейін жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады