Дала қыраны мен бүркіт: Қазақстан аспанындағы қос қыран

Сурет: pixabay
2026 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі, Қазақстанның кең даласы мен тауларында мекендейтін дала қыраны мен бүркіті туралы танымдық материал жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің жарияланамында, біріншісі – ұлан-ғайыр даланың айбынды жыртқышы болса, екіншісі – таулы аймақтардың қожайыны.

"Дала қыраны мен бүркіт – Қазақстандағы жыртқыш құстардың жарқын өкілдері".

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Дала қыраны негізінен ашық дала және шөлейтті аймақтарды мекендейді. Ол жерден биікке көтеріліп, жемтігін іздеу үшін кең аумақты шола алады. Сонымен қатар табиғи экожүйелерде маңызды рөл атқарады.

Бүркіт – күші мен қырағылығымен танымал ірі жыртқыш құс. Оның қуатты тырнақтары мен имек тұмсығы оны шебер аңшы етеді. Қазақ мәдениетінде бүркіттің орны ерекше. Саятшылық, яғни қыран құспен аң аулау дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Мамандардың айтуынша, бір қарағанда бұл екі жыртқыш құс бір-біріне ұқсайды. Алайда олардың сыртқы келбетінде, мінез-құлқында және тіршілік ету ортасында өзіндік ерекшеліктері бар.

Сондай-ақ жыртқыш құстар табиғатта аса маңызды қызмет атқарады. Олар жануарлар санын табиғи жолмен реттеуге қатысып, экологиялық тепе-теңдіктің сақталуына көмектеседі.

Бұған дейін Қазақстандағы бірегей қорықтардың бірі – Марқакөл мемлекеттік табиғи паркі құстар әлемінің байлығын таныстырған еді. Қорық аумағында құстардың 261 түрі тіркелген. Оның ішінде 27 түрі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар құстар санатына жатады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады