Жарықпен бірге су да өшуі мүмкін: "Алматы Су" тұрғындарға ескерту жасады

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 16:58 Фото: pexels
2026 жылғы 14 тамызда Алматы тұрғындары мен қонақтарына электр энергиясының жаппай өшуіне байланысты қалада су беру уақытша тоқтауы мүмкін екені ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті хабарламаны "Алматы Су" МКК баспасөз қызметі таратты.

"Назар аударыңыздар: электр энергиясы өшкен кезде тұрғын үйлерге су беретін сорғы станциялары уақытша тоқтауы мүмкін. Сорғы жабдықтары электр қуатымен жұмыс істейді", – делінген хабарламада.

Мамандардың түсіндіруінше, жарық болмаған кезде сорғы станциялары қалыпты режимде жұмыс істей алмайды.

Соның салдарынан:

  • су қысымы төмендеуі;
  • жоғарғы қабаттарға су уақытша берілмеуі;
  • жекелеген үйлер мен шағынаудандарда сумен жабдықтау үзілуі мүмкін.
"Электр энергиясы қалпына келтірілгеннен кейін сорғы станциялары қайта іске қосылып, су беру біртіндеп қалпына келеді", – деп хабарлады "Алматы Су" МКК баспасөз қызметі.

Тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарау сұралды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: