Алматыдағы жарықтың өшуіне байланысты 150-ден астам полицей жолға шықты

Бүгін, 2026 жылғы 14 тамызда Алматының төрт ауданында электр энергиясының өшуіне байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 16:36 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 14 тамызда Алматының төрт ауданында электр энергиясының өшуіне байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Алматының төрт ауданында электр энергиясының өшуіне байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Қазіргі уақытта бағдаршамдар қолмен реттеу режиміне ауыстырылды. Көлік қозғалысы ең көп және күрделі учаскелерде жол қозғалысын реттеуге 150-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

Сонымен қатар патрульдік полиция жасақтарының жұмысы күшейтіліп, жолдағы жағдай мен қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігіне қосымша бақылау ұйымдастырылды.

Алматы полициясы жолдардағы жағдайды бақылауда ұстап, көліктердің үздіксіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден полиция қызметкерлерінің талаптарын сақтау, барынша мұқият болу және мүмкіндігінше балама бағыттарды таңдау сұралады", – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: