Полиция Қазақстан бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшті: ІІМ себептерді атап көрсетті

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, видеожетон, видеожетоны, смарт-жетоны патрульных, камера полиции, камера полицейского, камера полицейских, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 14:28 Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Қазақстан полициясы Жаңа жыл мерекелеріне байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтып берді.

"23 желтоқсаннан бастап полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жеке құрамның саны ұлғайтылды, мемлекеттік және стратегиялық аса маңызды нысандардың қауіпсіздігі күшейтілді. Патрульдік маршруттар қару-жарақ дүкендері мен түзеу мекемелеріне жақын орналастырылды.Ойын-сауық орындарының жанында қосымша тәртіп жасағы қойылды. Резервтер дайындыққа келтірілді. Азаматтардың заңды және қауіпсіздік шараларын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық науқандар ұйымдастырылды",— деді Игорь Лепеха.

Сонымен қатар:

  • "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шаралар шеңберінде есепте тұрған тұлғалар, қару иелері, шетел азаматтары тексерілді.
  • "Шырша" және "Пиротехника" жедел профилактикалық іс-шаралары шеңберінде пысықтаулар басталды.

Осы ретте, Игорь Лепеха барлық мереке күндері полиция негізгі іс-шаралар өткізілетін орындарда қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз ететіндігін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының қауіпсіздігін күшейтетіндігін, сондай-ақ жедел штабтардың жұмысы мен жол қозғалысын қадағалау ұйымдастырылатындығын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанда сәбізді экспорттауға тыйым салынатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: