Алматы музейі жаңа жұмыс режиміне ауысты

Ақпан айынан бастап Алматы музейі жаңа жұмыс кестесіне көшті. Енді музей сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін келушілерге қызмет көрсетеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 12:48 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпан айынан бастап Алматы музейі жаңа жұмыс кестесіне көшті. Енді музей сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін келушілерге қызмет көрсетеді.

Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына музейге тек күндіз емес, кешкі уақытта да баруға мүмкіндік береді. Дүйсенбі – санитарлық күн.

Алматы музейі – Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, жинақтау және насихаттаумен айналысатын мәдени орталық. Музей экспозициясы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі Алматы қаласының тарихын бейнелейтін 11 залдан тұрады.

Музей қорында көне экспонаттар, соның ішінде бейнелеу өнерінің туындылары, қазақ этнографиясының үздік топтамасы, түрлі дәуір мен мәдениеттің айғағы саналатын археологиялық заттар, жазбаша деректер жиынтығы сақталған.

Жұмыс уақытының ұзартылуы музейге келушілер аясын кеңейтуге, соның ішінде жұмыс немесе оқу аяқталғаннан кейін кешкі уақытта мәдени орындарға бару мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Алматы музейі осыған дейін сейсенбі-жексенбі аралығында сағат 10:00-19:00 аралығында жұмыс істеген болатын.

Алматы музейі Қабанбай батыр, 132 мекенжайында орналасқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: