Қазақстанда сәбізді экспорттауға тыйым салынады
Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағынан сәбізді әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, Қазақстаннан жаңа піскен және салқындатылған сәбізді барлық көлік түрлерімен үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығаруға 3 ай мерзімге уақытша тыйым салу көзделіп отыр. Бұл шектеу транзитке қолданылмайды.
Ведомствоның түсіндіруінше, аталған тыйым елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында 29 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Бұған дейін Қазақстанда сиыр етін экспорттауға қойылған шектеулердің ұзартылатыны хабарланған болатын.
Сондай-ақ тауық жұмыртқасын импорттауға уақытша тыйым енгізілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript