Қазақстанда сиыр етін экспорттауға қойылған шектеулер ұзартылмақ
Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара мал етін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұйрық жобасында ҚР аумағынан 6 ай мерзімге ірі қара мал етін үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделген.
- ірі қара мал еті, жаңа сойылған немесе салқындатылған,
- ірі қара мал еті, мұздатылған.
Белгілі болғандай, құжат елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, сондай-ақ сиыр етіне бағаны тұрақтандыру мақсатында қабылдануда.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында 2025 жылғы 24 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript