Алматыдағы блэкаут. Қалалық әкімдік мәлімдеме жасады

Алматы, блэкаут, әкімдік, түсініктеме, жарықтың өшуі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 17:38 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 14 тамызда оңтүстік астананың бір бөлігінде жарықтың өшуіне түрткі болған KEGOC республикалық электр желілеріндегі апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы бұл апат Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарын ішінара қамтығанын нақтылады.

Қала бойынша ажыратылған жарықтың жалпы қуаты 10 МВт құрады. Электрмен жабдықтауды шектеуге "KEGOC" АҚ магистральдық желілерінің апатты жағдайда өшуі және кейіннен энергожүйенің апатқа қарсы автоматты қорғанысының іске қосылуы себеп болған.

Әкімдік қазіргі уақытта энергетикалық қызметтер тұтынушыларды кезең-кезеңімен желіге қосып, электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп кеткенін айтады. .

"Тұрғындардан сабыр сақтап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, ресми ақпаратқа сүйенуді және электр желілерінде ықтимал үзілістер болған жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы мен Алматы облысында жаппай жарықтың өшкенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ жарықтың жоқтығына байланысты шағымдар Шымкент пен Талдықорған қалаларынан да түсе бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: