Апат салдарынан Алматы мен облыстың бірқатар ауданы жарықсыз қалды

Линии электропередач, электричество, электроэнергия, электроэнергетика , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 15:26 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 14 тамызда күндіз Алматы мен Алматы облысында электр энергиясын беруде жаппай іркілістер болып, жарық сөнді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

"14 тамызда сағат 14:38-де KEGOC АҚ-ға тиесілі кернеуі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апат салдарынан ажыратылуына байланысты "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылды. Соның салдарынан Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынушылар электр энергиясынан ажыратылды", – делінген түсініктемеде.

Апатқа қарсы автоматиканың іске қосылуы салдарынан ажыратылған жүктеме көлемі 300 МВт болды.

Алматы облысында мына аудандарда электр энергиясы өшті:

  • Жамбыл ауданы;
  • Балқаш ауданы;
  • Есік ауданы;
  • Қарасай ауданы;
  • Шелек ауданы;
  • Райымбек ауданы;
  • Ұйғыр ауданы;
  • Іле ауданы;
  • Кеген ауданы;
  • Талғар ауданы.

Алматы қаласында мына аудандар электр энергиясынан ажыратылды:

  • Бостандық ауданы;
  • Наурызбай ауданы;
  • Әуезов ауданы;
  • Алатау ауданы.

Қазіргі уақытта "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары тұтынушыларға электр энергиясын беруді қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: