Қазақстанда электр жарығын қалпына келтіру жұмыстарына қатысты тың мәлімет жарияланды
Сурет: unsplash
"KEGOC" АҚ 14 тамызда Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық желісінде болған технологиялық бұзушылықтан кейін толық қалпына келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания атап өткендей, алдын ала жедел деректерге сәйкес, технологиялық бұзушылыққа Орталық Азияның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі тарапынан қуат ағынының артуы себеп болған.
Сағат 16:12-де "KEGOC" АҚ желілері тарапынан Алматы энергия торабының электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді.
"Сағат 16:26-да Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының Орталық Азияның Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен Қазақстан БЭЖ-нің негізгі бөлігіне параллель жұмыс режимі қалпына келтірілді". "KEGOC" АҚ баспасөз қызметі
Осылайша Қазақстанның электр жүйесі толығымен қалпына келтірілді.
Бұған дейін Алматы мен Алматы облысында жаппай жарықтың өшкенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ жарықтың жоқтығына байланысты шағымдар Шымкент пен Талдықорған қалаларынан да түсе бастады. Алматыдағы метро да өз жұмысын тоқтатқан болатын. Алматыдағы блэкаутқа байланысты қалалық әкімдік түсініктеме беріп, мамандар жарықты қосуды кезең-кезеңімен жүзеге асыруға кірісіп кеткенін айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript