Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі, Қазақстан, жаппай жарықтың өшуі, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 17:45 Сурет: pixabay
Қазіргі уақытта "KEGOC" АҚ желілері бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді. ҚР Энергетика министрлігі осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізуде.

"Жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, жекелеген пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан орын алды деген ақпарат таралуда. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді". ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Жағдай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бақылауында екені де нақтыланады.

Бұған дейін Алматы мен Алматы облысында жаппай жарықтың өшкенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ жарықтың жоқтығына байланысты шағымдар Шымкент пен Талдықорған қалаларынан да түсе бастады. Алматыдағы метро да өз жұмысын тоқтатқан болатын. Алматыдағы блэкаутқа байланысты қалалық әкімдік түсініктеме беріп, мамандар жарықты қосуды кезең-кезеңімен жүзеге асыруға кірісіп кеткенін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: