Астана – Щучинск тасжолында жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, жол апатына түсті

Сурет: видео скрині
Бүгін, 15 тамыз сағат 08:43-те Астана – Щучинск автожолындағы "Астана" ақы алу пунктіне кіреберісте Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлде ұйықтап кеткен. Салдарынан көлік басқарудан шығып, үшінші және төртінші қозғалыс жолақтарының арасындағы жол инфрақұрылымы нысандарына соғылған.

Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші көлікте жалғыз болған және медициналық көмектен бас тартқан.

Жол-көлік оқиғасына байланысты үшінші және төртінші жолақтардағы қозғалыс уақытша тоқтатылды. Оқиға салдары толық жойылғаннан кейін сағат 11:34-те қозғалыс қайта қалпына келтірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, соқтығысу салдарынан жол белгісі, жолақтарды бөлетін қорғаныш буфері және бетон блок зақымданған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін