Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 16 тамызда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстіктен-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: оңтүстіктен-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Орал қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Абай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында түнде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодар қ.: күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары төтенше өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру: жаңа ережелер

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады