Журналист Гүлнәр Бажкенова кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: pixabay
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында 2026 жылғы 18 тамызда Orda.kz ақпараттық порталының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот үкімі шықты. Ол бірқатар қылмыс жасады деп айыпталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің:

Сот мәліметінше, 2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы желтоқсанға дейін Б. "О" ЖШС басшысы бола отырып, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, компания шоттарынан 88 144 127 теңгені жымқырған. Ол бұл қаражатты жарнамалық, кәсіби және ғылыми қызметтерге ақы төлеу деген сылтаумен өзі бақылауындағы жеке кәсіпкердің есепшотына аударған. Сондай-ақ ұлының жекеменшік халықаралық мектепте оқу ақысын төлеген.

Бұдан бөлек, сотталушы кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелмей, Алматыдағы пәтерлерді сатып алып, қайта сату арқылы 121 200 000 теңге табыс тапқан. Бұл ретте салық төлемдері төленбеген.

Сот мәліметінде: "2024-2025 жылдары Б. "О" ақпараттық-талдау порталының бас редакторы бола отырып, бірнеше рет (8 эпизод) адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқан. Соның салдарынан азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген", – делінген.

Сот шешімі

Сот үкімімен Бажкенова кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған 5 жыл мерзімге БАҚ, журналистика, блогинг, көпшілік іс-шаралар және өзге де қоғамдық қызмет саласында жұмыс істеуге, сондай-ақ БАҚ-қа қатысты ұйымдарда басшылық және материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде 14 жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазаны орындау 2 жылға кейінге қалдырылды.

Сондай-ақ материалдық шығынды өтеу үшін 95 992 350 теңге, мемлекеттік баж ретінде 2 879 770 теңге, жәбірленуші тараптың заң көмегіне жұмсаған шығындары мен процестік шығындары үшін 6 800 000 теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз