Қазақстан колледждерінде 70% орын техникалық мамандықтарға бөлінеді

Техническое образование, профессиональное образование, колледж, техникум, профессии, профессия, студенты колледжей, студенты колледжа, студенты техникума , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 19:11 Фото: primeminister.kz
Биыл Қазақстан колледждеріне 133 мың студент қабылданады. Оның 70%-ы техникалық мамандықтар бойынша білім алады. Бұл туралы 18 тамызда Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бүгінде еліміздегі 763 колледжде 556 мың студент білім алып жатыр.

"Техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 133 мың студент қабылдау жоспарлануда. Мемлекеттік білім беру тапсырысының 70%-ы техникалық бағыттар бойынша кадр даярлауға бағытталады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сонымен қатар, кәсіпорындардың өтінімдері негізінде 10 мыңнан астам студентті қабылдау жоспарланып отыр. Бұл студенттер оқуын аяқтағаннан кейін міндетті түрде жұмысқа орналасады.

Биыл колледждерге құжат қабылдау "OQU" бірыңғай платформасы арқылы жүргізіледі.

Министрдің айтуынша, жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіби стандарттар, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (МЖМБС) және WorldSkills стандарттары негізінде 500-ге жуық білім беру бағдарламасы әзірленіп, жаңартылды.

Бұған дейін Қазақстан мектептерінде жаңа пәндер міндетті түрде оқытылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: