Аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ, дауыл: 19 тамызда қай өңірлерде ескерту жасалды

Фото: pexels
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен оңтүстікте 35-40 градусқа дейін аптап ыстық сақталса, солтүстік және шығыс облыстарда жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысында күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде және солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз аталған аумақтарда екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіліп, желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің облыстың шығысы мен таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да төтенше өрт қаупі бар.

Астанада таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың орталығында жоғары, жалпы өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің облыстың шығысы, орталығы және таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Батысы мен солтүстігінде төтенше, оңтүстігі, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15 м/с-қа жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі, жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарындағы таулы аймақтарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіліп, желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте тұман болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік-батыс пен шығыста жоғары, оңтүстік пен орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен орталығындағы екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары, оңтүстік пен орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі.

Атырау облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы 38-40 градусқа дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр мен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең аталған аумақтарда тұман болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, оңтүстікте кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің оңтүстіктегі екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстігі мен шығысында жоғары, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіліп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, сондай-ақ қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күндіз батысы мен оңтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігі мен шығысында жоғары, батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз