Арқалықта 30 жылдан кейін тұрақты әуе қатынасы қайта жанданды

Сурет: gov.kz
ҚР Көлік министрлігі Астана – Арқалық бағыты бойынша алғашқы рейсті іске қосты. Рейстерді SCAT әуе компаниясы орындайды.

2026 жылғы 22 тамыздан бастап Астана – Арқалық – Астана бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет, бір бағытқа 10 000 теңге тарифпен, ал Алматы – Арқалық – Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет, бір бағытқа 25 000 теңге тарифпен орындалады.

Бұдан бөлек, облысішілік субсидияланатын Қостанай – Арқалық – Қостанай әуе бағыты іске қосылады. Рейстер аптасына 2 рет орындалып, бір бағытқа билет құны 10 000 теңге болады.

"Әуежайдың жұмысы тоқтатылғаннан кейін отыз жыл өткен соң қайта жанданып отыр. Әуе қатынасының ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды серпін беріп, Арқалық қаласының көлік қолжетімділігін арттырады, тұрғындардың мобильділігін, іскерлік байланыстарды дамытуға және инвестициялар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады", – делінген хабарламада.

Бұған дейін, 2026 жылғы 12 тамызда, Арқалық әуежайының үш әріптік IATA коды – AYK қалпына келтірілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Өлі адамнан ақша жасау". Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты

Шакира концерт беру үшін Орталық Азияға алғаш рет ат басын тіреді

Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсыру: бұл ретте ел азаматтары не білуі керек

Алматы тауларынан қауіпті зат табылды

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады