"Үсік жүріп, тұман түседі". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Үсік, тұман, ауа райы болжамы, 19 қазан, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2026 17:37 Сурет: magnific.com
2026 жылы 19 қазанда Астана мен еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысындағы соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.Түнде облыстың солтүстігінде, батысында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түнде сынап бағаны 2-7 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Талдықорғанда 19 қазанда түнде сынап бағаны 3-5 градус суықты көрсетіп, үсік жүретіні болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 19 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 19 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді.

Астанада 19 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 19 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 19 қазанда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 19 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Семейде 19 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 19 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 19 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістанда 19 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Өскеменде 19 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Бұған дейін синоптиктер, бүгін, 2026 жылы 18 қазанда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: