Қайтадан +42°С-қа дейін ыстық болады: жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: сгенерировано с помощью ИИ
"Қазгидромет" 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға қарағанда, жексенбі күні республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні күшейеді. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады".

Қазақстанның қиыр батысында, оңтүстік-батысында және шығысында жауын-шашын болмайды.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстікте, шығыста және орталықта түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында +35°С, Атырау облысында +35...+38°С, Маңғыстау облысында +38...+42°С-қа дейін аптап ыстық болады.

Қостанай облысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Павлодар және Алматы облыстарының шығысында, Абай облысының батысында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде, Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі, шығысы мен орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және Абай облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар eGov.kz және мемлекеттік сайттардың жұмысындағы ақауларға шағымданды

Қарағанды облысындағы 13 жастағы жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Алматыда мопед мінген азамат коммуналдық көліктің астына түсіп, көз жұмды