Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттер басшыларымен бірге Ереванда Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде ұйымдастырылған COP17 қарсаңындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылу салтанатын тамашалады.
Іс-шара аясында мәртебелі меймандарға Жер шарының биоалуантүрлілігін сақтау және табиғатты аялау сияқты жаһандық мәні зор тақырыпқа арналған көрнекті интерактивті шоу көрсетілді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Бакуден Ереванға ұшып барғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
