Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Ереванға барды
Сурет: Ақорда
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысын әуежайдан Армения Республикасы Үкіметінің ресми тұлғалары күтіп алды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VII саммитінде сөз алып, қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтқан болатын. Сондай-ақ президент жақында Вашингтонда қол қойылған Суперинтеллект бойынша келісімді құптайтынын жеткізді. Мемлекет басшысы Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашатынын да баса атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакудегі саммиттен кейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді. Одан соң Тоқаев пен Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты.
