Тоқаев: Жастарға сенім артып, жауапкершілік жүктеу керек

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға сенім артып, оларға жауапкершілік жүктеу қажет екенін айтты. Бұл туралы ол Құрылтай депутаттығына кандидаттар арасында жастардың бар-жоғына қатысты сұраққа жауап берген кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Қазақстан – демографиялық тұрғыдан жас мемлекет. Сондықтан жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартып, оларға мүмкіндік беру маңызды.

"Біз жастарға сенім артамыз. Оларды кезінде түрлі лауазымдарға тағайындадық. Үкіметте жоғары қызмет атқарған жастардың бәрі өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындады деп айта алмаймын. Әрине, түрлі кедергі мен себеп кезігіп жатады. Дегенмен жастарға сенім артып, жауапкершілік жүктеу керек. Онсыз болмайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жастардың да мұндай жауапкершілікке дайын болуы керектігін атап өтті.

"Әйтпесе, кезінде министр болып, Үкіметке келген соң жұмыстың берекесін кетіргендер де болды. Бұған жол бермеуіміз керек", – деді Президент.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты

Тоқаев жаңа қоғамдық әдеп қалыптастыру қажеттігін айтты

Сайлаушылардың көңіл күйі жақсы: "СОЦИС-А" супервайзері Жезқазғандағы экзитпол қалай өтіп жатқанын айтты