Тоқаев жаңа қоғамдық әдеп қалыптастыру қажеттігін айтты

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жүріс-тұрысының жаңа мәдениеті мен қоғамдық этика қалыптастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, бұл бастама науқан үшін емес, қоғамда нақты өзгеріс жасау мақсатында көтерілген.

"Жастардың, егде адамдардың жүріс-тұрысына қарап, байырғы дәстүрлі құндылықтарымызға оралу қажет деген шешімге келдім", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы амандасу мәдениетіне де тоқталды. Оның пікірінше, қазақ қоғамына тән ұстамдылық пен өзара құрметті сақтау маңызды.

"Ер адамдар бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы, сәлемдесу барысында әйелдердің еркектерді, еркектердің әйелдерді бетінен сүюі дұрыс емес. Біздің салт-дәстүрімізде мұндай ешқашан болмаған", – деді Президент.

Ол әскери қызметшілер мен генералдардың да қоғамдық әдеп нормаларын сақтауы қажет екенін атап өтті. Президент ер адамдардың амандасқанда қолды нық қысып, ал жақын адамды көргенде оң қолын кеудесіне қойып сәлемдесуге болатынын айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға басымдық беру қажеттігін жеткізді.

"Тазалық дегенді тура мағынасында ғана емес, ой-сананың, жан дүниенің тазалығы деп түсінген жөн. Белгілі тұлғалардың бірі айтқандай, ой тазалығы бой тазалығымен де ұштасқаны жөн, яғни біз мәдениетті, таза ұлтқа айналуымыз керек. Сонда ғана күллі әлемге таныламыз", – деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын айтып, өңір басшыларына тазалық пен тәртіп мәселесіне қатысты жоғары талап қойылғанын атап өтті.

Қазақстан
Құрылтай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты

Сайлаушылардың көңіл күйі жақсы: "СОЦИС-А" супервайзері Жезқазғандағы экзитпол қалай өтіп жатқанын айтты

Аида Балаева Құрылтай сайлауында дауыс берді