Қазақстан президенті жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен дзюдошыларды құттықтады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 24 тамызында Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент ұлттық құраманы аралас командалық жарыстағы айтулы жеңісімен, сондай-ақ жекелей сында алтын медаль иеленген Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны және Әділжан Жаудиновті жарқын жетістігімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жас чемпиондарға алдағы спорттық жолында толағай табыс тілеп, жаңа биіктерді бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.

Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, жалпы саны 11 жүлдеге қол жеткізіп, отандық дзюдо тарихындағы үздік нәтижені тіркеді.

Сонымен қатар кеше кешке Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен телефон арқылы сөйлесті. Халықаралық ұйымның басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақстандық балуандардың жастар арасындағы әлем чемпионатында қол жеткізген бұрын-соңды болмаған жеңісімен құттықтады.

Президент Қазақстанның Туризм және спорт министрлігімен, сондай-ақ ұлттық федерациямен сындарлы ынтымақтастық орнатқаны үшін Мариус Визерге ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы осы өзара ықпалдастықтың нәтижесінде елімізде дзюдо спорты қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

2026 жылғы 23 тамызда Әділжан Жаудиновтың Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алғаны белгілі болды. Қазақстандық дзюдошы 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Бұған дейін, 22 тамызда қазақстандық Фатима Сұпығалиеваның әлем чемпионатында екі алтын медаль иеленгені хабарланған еді.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін