Көшелер жабылып, әскери ұшақтар жаттығу өткізеді: 9–14 қазанда Астанада не болады

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, туризм в Казахстане, туризм в Астану, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 12:08 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарына маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламаға сәйкес, елордада бірқатар халықаралық саяси іс-шараға дайындық жүргізілуіне және олардың өткізілуіне байланысты 2026 жылғы 10–14 қазанда қала көшелерінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

"Іс-шараларға арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының және ҚР Қарулы күштерінің ресурстары жұмылдырылады", – деп хабарлады ҚР Мемлекеттік күзет қызметі.

Сонымен қатар 9 қазаннан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары өтеді.

"Астана тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің үндеуінде.


Бұған дейін Қазақстанның орталығы мен солтүстігін байланыстыратын тасжолда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілгені хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: