Тоқаев: Қазақстанға тағы 5 мыңнан астам мұғалім қажет

Фото: Министерство просвещения РК
Қазақстанда оқу-ағарту саласындағы кадр тапшылығын жойып, мұғалімдердің біліктілігін арттыру қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, педагогикалық мамандықты таңдайтын жастардың саны артып келеді. Биылдың өзінде мектеп бітірген 12 мыңнан астам түлек педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім грантына ие болған. Оның ішінде 2 мыңнан астамы мектепті "Алтын белгімен" аяқтаған.

"Бұл бағытта жүйелі шаралар қолға алынуда, нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның арқасында білім саласын таңдаған жастардың қатары көбеюде. Бұл – жақсы үрдіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы кадр мәселесі әлі толық шешілмегенін атап өтті. Оның айтуынша, елде халық санының тұрақты өсуіне байланысты тағы 5 мыңнан астам мұғалім қажет.

Бұған қоса соңғы жылдары жаңа мектептер көптеп салынып жатыр. Бұл да педагог мамандарға деген сұранысты арттырып отыр.

"Кадр мәселесін түпкілікті шешу үшін әлі де біраз шаруа атқарылуға тиіс. Елімізге тағы да 5 мыңнан астам мұғалім керек. Себебі халық саны тұрақты түрде артып келеді. Соңғы жылдары салынып жатқан мектептердің саны да едәуір көп. Осы жағдай педагог мамандарға деген сұранысты арттырып отыр. Бұл мәселе бойынша министрлік тың тәсілдер ұсынуға тиіс", – деді Президент.

Бұған дейін Тоқаев қазақстандық мұғалімдердің 95 пайызының жұмысына көңілі толатынын айтқанын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды