Кафель секілді жылтырайды: алматылықтар жаңа жаяу жүргіншілер жолын сынға алды

Фото: Zakon.kz
Соңғы айларда Алматының бірқатар ауданында қоғамдық кеңістіктерді, соның ішінде жаяу жүргіншілер жолдарын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда төселген жаңа тақтаның қыста тайғақ болуы мүмкін екені қала тұрғындарын алаңдатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде осы мәселеге қатысты жазбалар жарияланды. Алматы тұрғындары қыста жаңартылған тротуарлармен жүру мүмкін болмай қалуы ықтимал екенін айтты:

Сурет: Threads/gulzhankandybayeva

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы тұрғындардың алаңдаушылығына жауап берді. Ведомство мәліметінше, қазір кешенді талдау негізінде қаланың көлік қаңқасы мен жаяу жүргіншілер-көлік байланыстарын қайта ұйымдастыру және қалыптастыруды ескере отырып, Тимирязев көшесінің Жандосов көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі аумағын қайта жаңғырту мастер-жоспары жүзеге асырылып жатыр.

"Жоба аясында қолданылып жатқан жабын жобалық шешімдерде қарастырылған және Алматы қаласының климаттық жағдайларын ескере отырып, жаяу жүргіншілер аймақтарында пайдалануға арналған. Жабын бетінің жылтырап көрінуі оның тайғақ екенін білдірмейді. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік жабынның нақты сырғанауға қарсы қасиеттеріне, сондай-ақ қар жауып, көктайғақ пайда болған кезде жаяу жүргіншілер аумағының тиісті деңгейде күтіп ұсталуына байланысты", – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Басқарма қар жауып, көктайғақ болған жағдайда аумақты қысқы күтіп ұстау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

2026 жылдың жаз айының басында қаланың кейбір аудандарындағы көшелердің бойына қоршаулардың орнатылуы да алматылықтарды алаңдатқан еді. Сол кезде әкімдік бұл аумақтарда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның ішінде жаяу жүргіншілер аймақтарын салу, кеспетас төсеу, ауқымды көгалдандыру, автоматты суару жүйесін орнату, заманауи сыртқы жарықтандыру бағандарын қою және абаттандыру элементтерінің бірыңғай дизайн-кодын енгізу қарастырылған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада есірткі сақтау және таратумен айналысқан азаматтан 6 келі есірткі тәркіленді

Тоқаев Ердоғанның шақыртуын ықыласпен қабыл алды

Ғылым Қазақстанның энергетикасын қалай өзгертеді - сарапшымен сұхбат

US Open-2026: Рыбакина алғашқы айналымда 17 жасар америкалықпен өзара күш сынасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді