Мемлекет басшысы әр облыста ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталықтар салуды тапсырды

Фото: pexels
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдаудың тиімді жүйесін құру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, Құрылтай қос палаталы Парламент депутаттары қарап үлгермеген бірқатар заң жобасын қабылдауға тиіс. Соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңға баса назар аудару қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені бұған дейін Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында көтергенін еске салды.

"Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін атаулы қолдаудың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет. Әсіресе медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек", – деді Мемлекет басшысы.

Президент осындай балаларға арналған орталықтарды әр облыста және ірі аудандардың қалаларында салу қажеттігін атап өтті. Ол демеушілер де бұл маңызды іске атсалысатынына сенім білдірді.


"Мемлекет шын мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетуі керек. Бұл – мен үшін тұрақты ұстаным", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

US Open-2026: Рыбакина алғашқы айналымда 17 жасар америкалықпен өзара күш сынасады

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Демалыс уақытында баланың бос уақытын қалай пайдалану керек

Қазақстанда ұялы телефондарды верификациялау және тіркеу рәсімдері ажыратылады