Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 4%, жарақат алғандар саны 6% азайған.
Үкіметтің мәліметінше, бүгінде жолдарда 31 мыңнан астам автоматты бейнебақылау және құқық бұзушылықтарды тіркеу жүйесі жұмыс істейді. Олардың көмегімен 5,7 млн құқық бұзушылықтың жолы кесілген.
"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру құқық қорғау жүйесін құқық бұзушылықтарға ден қоюдан оларды алдын алуға біртіндеп бағыттап келеді. Цифрлық құралдар мен профилактикалық шаралар қоғамдық кеңістіктердегі қауіпсіздікті арттырып, азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді", – делінген ҚР Үкіметінің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 28 тамызда Алматыда жаппай жол апаты болғанын хабарлаған едік. Алдын ала мәлімет бойынша, саз балшық тиелген Sinotruk жүк көлігінің жүргізушісінің тежегіші істен шыққан, салдарынан ол бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысқан.