Өрт Тұрғыт Озал көшесіндегі үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бөлімшелері келген кезде кіреберісті қою түтін басқан.
Құтқарушылар өртті барлау және сөндіру жұмыстары барысында баспалдақ арқылы ғимараттан алты адамды, оның ішінде бес баланы алып шықты.
ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.