Қазақстанда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауады

Фото: unsplash
"Қазгидромет" 2026 жылғы 31 тамызға Қазақстан аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбіде "Қазгидрометтің" болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде түнде жаңбыр аралас қар жауса, күндіз нөсер жаңбыр болжанып отыр. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпіні күшті жел соғуы мүмкін.

Ал батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысы мен шығысында, Маңғыстау облысының орталық бөлігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысы мен орталығында, Абай облысының оңтүстік-батысында, Алматы облысының батысы, шығысы мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

Қазақстандықтар ескі көлігін кәдеге жаратуға тапсырып, жаңа автокөлікке жеңілдік ала алады