Алматы облысының әкімі ауысуы мүмкін

Сурет: primeminister.kz
Алматы облысында әкім ауысуы мүмкін. Қазіргі уақытта өңірді Марат Сұлтанғазиев басқарып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімнің ауысуы мүмкін екені 2026 жылғы 3 қыркүйекте Алматы облыстық мәслихатының сайтында жарияланған хабарландырудан белгілі болды.

"Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 "Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының келісім беру қағидаларын бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Алматы облысының әкімін лауазымға тағайындауға келісім беру үшін облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2026 жылғы 4 қыркүйекте сағат 10:00-де Қонаев қаласында өтеді, – делінген хабарландыруда.

Жиналыс Жамбыл көшесі, 13/1 мекенжайында орналасқан Мәдениет үйінде өтеді.

Қазіргі уақытта Алматы облысын Марат Сұлтанғазиев басқарады. Ол өңір әкімі болып 2022 жылғы 11 маусымда тағайындалған.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды