Алматы орталығындағы екі үй ерекше бақылауға алынды: себебі неде

Сурет: pixabay
Алматыда 2026 жылдың басынан бері Назарбаев даңғылының бойындағы 120 және 124-үйлерден полицияға 167 шақырту түскен. Аталған үйлерде 11 ойын-сауық орны орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тәртіп сақшылары 257 әкімшілік хаттама толтырды. Мекеме басшыларына құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізілді. Тиісті шаралар қабылдамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 479-бабы бойынша тағы 11 хаттама жасалды. Ал аталған мекенжайлар күшейтілген бақылауға алынды.

"Бұл аумақ полицияның ерекше бақылауында. Біз жасалған құқық бұзушылықтарға ғана емес, тыныштық пен қоғамдық тәртіптің бұзылғанын хабарлаған тұрғындардың өтініштеріне де назар аударамыз. Ойын-сауық орындарының иелері мен басшылары мұндай мекеменің жұмысын ұйымдастыру оның маңындағы аумақта қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету жауапкершілігін де жүктейтінін түсінуі керек. Біздің міндетіміз – жақын маңдағы үйлерде тұратын азаматтардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан құқық бұзушылықтар тұрақты түрде тіркелетін мекемелерде профилактикалық және бақылау шаралары жалғасады", – деп қорытындылады Тимур Ноғайбаев.

Бұған дейін Алматы полициясының қызметкерлері кешкі және түнгі уақытта ойын-сауық орындарын аралап, залдардағы жағдайды тексеретіні хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді