Мамандар жануарларға қандай заттар қажет екенін айтып қана қоймай, олардың ойыншықтармен қалай ойнайтынын да көрсетті.
"Бізге ойыншық ретінде жуттан жасалған қаптар мен арқандар, конустар, бөшкелер, сондай-ақ волейбол және баскетбол доптары қажет. Сіздердің шағын ғана сыйлықтарыңыз жануарларымызға жаңа әсер мен қызықты орта сыйлайды!" – деді хайуанаттар бағының баспасөз қызметі.
Алматы хайуанаттар бағы – 1937 жылы құрылған Қазақстандағы ең көне әрі ірі зоологиялық саябақтардың бірі. Ол Көк-Төбенің етегінде, Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағының жанында орналасқан. Аумағы шамамен 21 гектарды құрайды.
Хайуанаттар бағында жануарлардың алуан түрі бар. Олар жыртқыштар, тұяқтылар, приматтар, құстар және аквариум секілді бірнеше бөлімге бөлінген.
5 қыркүйекте Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері мұрағаттағы фотосуреттерді жариялап, қала тұрғындарына балалық шақтағы сүйікті орындарын еске салды. Осылайша олар алматылықтарға жағымды естеліктерге қайта оралуға мүмкіндік берді.