Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 10 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр болып, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше, ал облыстың солтүстік-шығысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 10 қыркүйекте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта нөсер жаңбыр болып, бұршақ түседі де күтіледі.
Күндіз Алматы облысында 35 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында, батысында және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 10 қыркүйекте таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.
Түнде және күндіз Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр болып, бұршақ түседі, дауыл соғады, ал түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 10 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанажы. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 10 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында 10 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 10 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.
Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 10 қыркүйекте таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда 10 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 10 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.
Павлодар облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 10 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35–37 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
Абай облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша алдағы үш күнге (10-12 қыркүйек) арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.